11
қыркүйек
2025
Ата-аналар
Президент Жолдауына сәйкес білім беру жүйесіне жасанды интеллект пен цифрлық құралдарды енгізу, сондай-ақ оларды тиімді қолдануды оқушылар мен ұстаздарға үйрету тапсырмасы берілген болатын. Осыған орай алғашқы меморандумға қол қойған серіктестеріміз «Үздік ұстаз академиясынан» арнайы келген Данияр Бибатыр мырза мен Нұрғали Асанұлы мырза ата-аналармен кездесіп білім берудегі жаңа мүмкіндіктер жайлы пайдалы ақпараттармен бөлісті.